Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Бірыңғай транзиттік рұқсат туралы келісімге қол қойылды

Астанада Бірыңғай транзиттік рұқсат туралы келісімге қол қойылды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Бүгін Астанада ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының XVIII отырысы аясында Еуропа – Кавказ – Азия көлік дәлізіне қатысушы елдердің транзиттік әлеуетін дамыту және халықаралық автомобиль тасымалдарын жеңілдетуге бағытталған Бірыңғай транзиттік рұқсаты (БТР) туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Құжатқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Украина қол қойды. ТРАСЕКА-ға мүше өзге мемлекеттер келісімге кейіннен қосылу үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді жалғастыруда.

Келісім бірыңғай электрондық транзиттік рұқсатты енгізуді көздейді. Бұл автокөлік тасымалдаушыларына әрбір мемлекет бойынша жеке ұлттық транзиттік рұқсаттарды алмай-ақ, жүк тасымалын қатысушы елдердің аумағы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

БТР тек электрондық форматта бірыңғай ақпараттық жүйе (веб-портал) арқылы рәсімделеді және оған бірегей сәйкестендіру нөмірі мен штрих-код беріледі. Бұл құжат әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге, шекарадан өту уақытын қысқартуға, тасымалдардың ашықтығын арттыруға және көлік-логистика саласын цифрландыруды дамытуға ықпал етеді.

Келісім БТР-ды беру және пайдалану тәртібін реттейді, автокөлік тасымалдаушылары үшін бірыңғай талаптарды белгілейді, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының цифрлық платформасы арқылы өзара іс-қимылын қарастырады.

Келісімнің қабылдануы ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Бұл дәлізге 14 мемлекет кіреді және Еуропа мен Азия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және транзиттік тасымал көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

Келісім ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқталып, қатысушы мемлекеттерден тиісті хабарламалар түскеннен кейін күшіне енеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді