Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада онкологияны емдеу мен ерте диагностикалау мәселелері талқыланды

Астанада онкологияны емдеу мен ерте диагностикалау мәселелері талқыланды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы Көпбейінді медициналық орталық базасында онкологиялық аурулар мен әйелдер денсаулығына қатысты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конференция онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылып, оған Қазақстанның жетекші мамандары мен алыс-жақын шетелдегі онкологтар қатысты.

Кездесу барысында онкологиялық ауруларды ерте анықтау, заманауи емдеу тәсілдері, алдын алу шаралары және жүктілік кезіндегі қатерлі ісік сияқты өзекті мәселелер қаралды. Мамандардың айтуынша, жүкті әйелдердегі онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу жеке тәсілді және пәнаралық ынтымақтастықты қажет етеді.

Сондай-ақ онкология, маммология, гинекология, эндокринология және репродуктология салаларындағы қазіргі медициналық жетістіктер мен тәжірибелер талқыланды.

Әсіресе пациенттердің репродуктивті денсаулығын сақтау және емдеу тактикасын дұрыс таңдау мәселесіне басымдық берілді.

Сарапшылар онкологиялық ауруларды уақытылы анықтау қазіргі медицинаның негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Жүктілік пен онкологияның қатар жүруі бүгінде тек медициналық емес, әлеуметтік маңызы бар мәселе ретінде қарастырылатыны айтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді