Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ядролық медицина орталығы ашылды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «МедИнвестГрупп Қазақстан» компаниясының қолдауымен ашылған Ядролық медицина орталығына барды. 

Бұл еліміздегі алғашқы инновациялық медициналық орталық, оның қызметі онкологиялық ауруларды диагностикалауға бағытталған. Орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде барлық қазақстандықтарға тегін және қолжетімді зерттеулер жүргізіледі.

Ядролық медицина орталығы онкологиялық патологияларды ерте анықтау үшін ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жоғары технологиялық ПЭТ сканері – Biograph Horizon, Siemens позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді. Зерттеу ісіктің құрылымы мен функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс ең кішкентай ошақтарды анықтауға және неоплазмалардың орналасуы мен шекаралары туралы нақты мәліметтермен адам ағзасының үш өлшемді бейнесін алуға мүмкіндік береді.

Вице-Премьер орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, ПЭТ/КТ диагностикасы онкологиялық аурулармен күресудің маңызды құралдарының бірі екенін атап өтті.

«Инновациялық зерттеулер пациенттің жағдайы туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл ауруды нақтылау кезеңінде де, емдеу кезеңінде де маңызды. Ең заманауи аппаратурамен жабдықталған медициналық орталықтар Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау және өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін өте маңызды», — деді Е. Тоғжанов.

«МедИнвестГрупп Қазақстан» компаниясы сатып алған және Алматы қаласының ядролық медицина орталығында пайдаланылатын аппаратура дәрігерлерге жылына 7 000 пациентті қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл емдеу мен диагностикаға мұқтаж қазақстандықтарға зерттеулердің күрделі рәсімін күту мерзімін айтарлықтай қысқартуға көмектеседі. Осындай орталықтар жақын арада Орал, Шымкент және Қарағанды қалаларында MIG Qazaqstan инвестициялық компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылатын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады