Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының 29 дәрігері шетелде кәсіби біліктілігін арттырды

Алматы облысының 29 дәрігері шетелде кәсіби біліктілігін арттырды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының денсаулық сақтау саласының мамандары Ресей мен Беларусьтегі жетекші медициналық орталықтар мен оқу орындарында кәсіби тәжірибесін жетілдірді. Биыл облыстық медициналық ұйымдардан 29 дәрігер шетелдік озық тәжірибе мен жаңа технологияларды меңгеру мақсатында іс‑сапарға жіберілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлер Санкт‑Петербургтегі В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Санкт‑Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университеті және Беларусьтегі «Мать и дитя» республикалық ғылыми‑тәжірибелік орталығы сияқты жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарда білімдерін арттырды. Олар балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулардың ерте белгілері, ерте даму және араласу, жедел кардиология, сондай-ақ хирургиялық ауруларды емдеудегі аз инвазивті технологиялар бағыттары бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.

«Дәрігерлердің шетелдік тәжірибеден өтуі өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Алынған білім мен тәжірибені әрбір аудан мен қалада тиімді қолданамыз, бұл әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар науқастар үшін өте маңызды», — деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.

Барлық іс‑сапарлар облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, дәрігерлер алған білімін тұрғындардың денсаулығын жақсарту мен жаңа емдеу әдістерін енгізу үшін қолданатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады