Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларын дамыту мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Үкіметте өнеркәсіп және құрылыс, энергетика және көлік министрліктері басшыларының қатысуымен кеңестер өтті. Кездесулер барысында ағымдағы жұмыстардың қорытындылары шығарылып, өңдеу өнеркәсібін, жер қойнауын пайдалану саласын, энергетикалық кешенді және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің желісі бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Нормативтік базаны жетілдіру және саланы басқаруда заманауи тәсілдерді енгізу басым міндеттер болып қала береді.

Сондай-ақ мұнай-газ секторындағы және электр энергетикасындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңа генерациялық қуаттарды іске қосуға баса көңіл бөлінді. Атап айтқанда, ЖЭО құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру барысы және отандық мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Жиынға қатысушылар мұнай-газ химиясын дамытумен қатар ішкі нарықты газбен жабдықтау мәселелерін де қарады. Вице-премьер жылыту маусымының қалыпты өтуін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту мәселелері де егжей-тегжейлі талқыланды. Атап айтқанда, автожол саласының, азаматтық авиацияның, теміржол және теңіз көлігінің әлеуетін кеңейту жайы сөз болды. Процестерді цифрландыруға және жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін сақтауға ерекше назар аударылды, бұл көлік қызметтерінің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты нәтижелерге қол жеткізу қажеттігіне тоқталды.

Кеңестер қорытындысы бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма берді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді