Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада алғаш рет ревматология орталығы ашылды

Астанада алғаш рет ревматология орталығы ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды. Енді науқастар ұзақ кезек күтпей-ақ, ауруханаға жатып емделе алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ревматология орталығы «Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар» орталығында ашылды.

«Бұл орталықтың ашылуы – Астанадағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін маңызды кезең. Бұған дейін қалада ревматология саласы бойынша мамандандырылған стационар бөлімше жоқ еді. Енді буын ауруына шалдыққан науқастарға медициналық көмек қолжетімді болады. Ем қабылдау үшін күту мерзімі қысқарып, заманауи ем-дом тәсілдері қолданылады», – деді орталық басшысы Анна Цепке.

Бұған дейін науқастар 6-7 ай кезек күтетін еді

Бұған дейінгі қалыпты ахуалдың салдарынан науқас ауруханаға жату үшін алты-жеті айға дейін кезек күтуге мәжбүр болды; науқастар көбіне шұғыл жағдай бойынша ауруханаға түсті; базистік және гендік-инженерлік биологиялық терапияны уақытылы тағайындау мүмкіндігі шектелді.

«Емдеуді ұзақ күтуден ауру асқынып, науқастың мүгедектігі артуы мүмкін. Жаңа ревматология орталығы осы мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған», – деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ревматология орталығының ашылуы мамандандырылған стационарлық көмектің қолжетімді болуына, ауруханаға жату мен кеңес алуды күту мерзімін қысқартуға, заманауи ем-домды уақытылы тағайындап, науқастың денсаулығын оңалтуға, аурудың ауыр және асқынған түрін азайтуға, емдеу кезінде дәрігерлердің мультидисциплинар тәсілін пайдалануына, науқастардың өмір сүру сапасы арттыруға ықпал етеді.

Ревматика ауруы – буын мен бұлшық етке қатысты созылмалы дерт. Ревматика ауруына емдеу үшін ерте диагностика мен тұрақты бақылау, сондай-ақ заманауи ем-дом тағайындау қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді