Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда жүрекке инновациялық ота жасай бастады

Қарағандыда жүрекке инновациялық ота жасай бастады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағандының №2 көпсалалы ауруханасында жүрекшелердің жыбырлауын абляциялау бойынша жүрекішілік ультрадыбыстық датчик қолдану бойынша шеберлік сабағы өтті. Мамандардың айтуынша, Қарағандыда халықтың 2–3%-ы жүрекшелер фибрилляциясынан туындаған аритмиямен ауырады, ал жаңа технология олардың көбіне жүрек саулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін мұндай оталар кезінде дәрігерлер рентген-навигацияны қолдануға мәжбүр болатын, соның салдарынан мамандар да, пациенттер де айтарлықтай сәулеленуге  шалдығатын.

Жүрекшелер фибрилляциясы – жүрек ырғағының бұзылуына әкелетін кең таралған патология. Оны емдеу абляция – жүрекшенің ақаулы бөлігін күйдіру арқылы жүзеге асады. Ауруханаға алынған жаңа жабдық рентгенсіз-ақ ота жасауға мүмкіндік береді және жүрек қуысының ішінен тікелей алынған кескін арқылы аса жоғары дәлдікке қол жеткізуге жағдай жасайды.

Бұл жоғары технологиялық әдіс бойынша шеберлік сабақты Новосібірден арнайы келген, аритмияны катетерлік әдіспен емдеу және Zero-fluoro технологиясы бойынша сарапшы Илья Стенин өткізді.

— Инновацияның мәні — жүрек қуысына тікелей енгізілетін ультрадыбыстық датчиктің арқасында біз жүректі нақты уақыт режимінде көре аламыз. Датчик өте шағын — диаметрі шамамен 5 мм ғана — және жоғары дәлдіктегі визуализация береді. Мұндай отадан кейін науқастардың басым бөлігінде аритмия жойылып, олар қалыпты өмірге қайта орала алады, — деді №2 көпсалалы аурухананың аритмолог-хирургі Нұрлан Елемесов.

Заманауи ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізіледі. Кезек күту мерзімі бір-екі айды құрайды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті