Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мал шаруашылығы мен агротехнология саласында Аргентина, Бразилия елдерімен әріптестікті нығайтып келеді

Қазақстан мал шаруашылығы мен агротехнология саласында Аргентина, Бразилия елдерімен әріптестікті нығайтып келеді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстан аграрлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде кеңейтіп, мал шаруашылығы бойынша әлемдік жетекші құзырет орталықтарымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуда. Осы ретте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Бразилия, Аргентина елдеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты мақсат- генетика, селекция салаларында стратегиялық өзара іс-қимылды дамыту, жоғары өнімді асыл тұқымды мал импортын жолға қою, сондай-ақ озық агротехнологияларды енгізу.

Бразилияда қазақстандық делегация Латын Америкасындағы ең ірі «Agrishow 2026» агроөнеркәсіптік көрмесіне қатысты. Іс-шара барысында «Ангус» және «Герефорд» тұқымдарын өсіру тәжірибесімен алмасу, эмбриондарды трансплантациялау секілді биотехнологияларды дамыту, сондай-ақ Қазақстанға асыл тұқымды малды тікелей жеткізу тетіктерін пысықтау мәселелері талқыланды.

Вице-министр Бразилия Федеративтік Республикасының Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және азық-түлікпен қамтамасыз ету министрлігі өкілдерімен, сондай-ақ Зебу тұқымын өсірушілер қауымдастығымен кездесулер өткізді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бразилия арасындағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тауар айналымы 10%-ға өсіп, 89,5 млн АҚШ долларына жетті. Тараптар бұл саладағы ынтымақтастық әлеуеті әлдеқайда жоғары екенін атап өтіп, өзара сауда көлемін ұлғайту бағытындағы бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.

Делегация мүшелері «Halim Laboratory» және «Agropecuaria 3G» компанияларының қызметімен танысты. Бұл кәсіпорындар сиыр етін өндіруге арналған «Senepol» және «Brangus» тұқымдарының генетикасымен айналысады.

Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында елдің Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ іскерлік және салалық қауымдастық өкілдерімен келіссөздер өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, технологиялар трансферті, ғылыми байланыстарды дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске қосу мәселелері талқыланды.

Вице-министр мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты саланы дамытудың кешенді жоспары әзірленген. Құжатта асыл тұқымды мал сатып алуға жылдық 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру, сондай-ақ өнімділікті арттыру мен саланы технологиялық жаңғыртуға бағытталған инвестициялық субсидиялар қарастырылған.

«Аргентина — мал шаруашылығы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Біз үшін генетика мен селекция саласындағы озық тәжірибелерді трансферттеу, сондай-ақ саланың сапалы өсімін қамтамасыз ететін бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды», — деді Аманғали Бердалин.

Сондай-ақ Аргентинаның Ұлттық ауыл шаруашылығы технологиялары институтымен (INTA) өзара іс-қимылға ерекше назар аударылып, оны бірлескен ғылыми-технологиялық бастамаларды практикалық іске асыру деңгейіне көтеру жоспарланып отыр.

Делегация Буэнос-Айрес провинциясындағы озық мал шаруашылығы шаруашылықтарының жұмысымен де танысты. Онда асыл тұқымды есепке алу мен селекцияның заманауи жүйелері, жоғары өнімді тұқымдарды, соның ішінде «Ангус» тұқымын өсірудің үздік тәжірибелері таныстырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады