Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттік тұрғын мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз бөтен көлікті айдап кеткен

Шымкенттік тұрғын мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз бөтен көлікті айдап кеткен
Фото: polisia.kz

Шымкенттік тұрғын мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз бөтен көлікті айдап кеткен, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласында полицейлер болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Кезекші бөлімге қала тұрғынынан автокөліктің ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Оқиғаға байланысты "Ұстау" арнайы жоспары енгізіліп, патрульдік полиция экипаждары жедел түрде бағытталды. Іздестірілген көлік көп ұзамай қала көшелерінің бірінен анықталып, тоқтатылды.

Тексеру барысында көлік тізгінінде арызданушының туысы отырғаны белгілі болды. Ол автокөлікті мас күйде әрі жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Сонымен қатар құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде қауіпті жағдай дер кезінде тоқтатылып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған дерек бойынша көлік құралын заңсыз иелену фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция құқыққа қайшы кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады