Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана Орталық Азиядағы жоғары технологиялы медицинаның орталығы ретіндегі орнын нығайтып келеді: шетелдік дәрігерлер елорданың клиникаларымен танысты

Астана Орталық Азиядағы жоғары технологиялы медицинаның орталығы ретіндегі орнын нығайтып келеді: шетелдік дәрігерлер елорданың клиникаларымен танысты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында медициналық туризмді дамыту аясында шетелдік дәрігерлер мен медициналық агенттерге арналған ақпараттық тур өтіп жатыр. Іс-шара елорда әкімдігі мен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы бастамасымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық делегация құрамында Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан елдерінен келген дәрігерлер, сала сарапшылары және медициналық инфлюенсерлер бар. Олар қаланың медициналық туризм мүмкіндіктерімен танысып, Астананың әлеуетін шетелдік пациенттерді емдеудің перспективалық бағыты ретінде бағалайды.

Бағдарлама аясында қонақтар елорданың 11 жетекші медициналық мекемелеріне, оның ішінде Joint Commission International (JCI) халықаралық стандарты бойынша аккредитацияға ие орталықтарға бару жоспарланған. Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер барысында ынтымақтастық шарттары мен пациенттерді Қазақстанға емделуге жіберу мүмкіндіктері талқыланады.

Ақпараттық турдың негізгі бағыттарының бірі – тікелей серіктестік байланыстар орнату. Кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық клиникалар мен шетелдік әріптестер арасында келісімдерге қол қою жоспарланып отыр, бұл шетелдік пациенттерді Астанаға жіберу бойынша жүйелі жұмыс құруға мүмкіндік береді.

Астанада медициналық туризмге деген қызығушылық артып келеді. Сала деректеріне сәйкес, 2024 жылы Астанаға 4,5 мың медициналық турист келген, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Ал 2025 жылы шетелдік пациенттердің саны 6112 адамға жетті.
Елордадағы медициналық туристерді қызықтыратын бағыттар қатарына кардиохирургия, нейрохирургия, стоматология, ортопедия, репродуктивті медицина және кешенді check-up бағдарламалары жатады. Ақпараттық турды өткізу халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және Қазақстанның Орталық Азиядағы жоғары технологиялық медицинаның заманауи орталығы ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады