Астанада 2013 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының маусымы аяқталды. Елорда хоккейшілері турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Плей-офф кезеңіне Өскемен мен Астана командалары қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша «Астана» командасы қарсыластарына мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетіп, чемпион атанды.
Күміс жүлде Өскеменнің «Торпедо» командасына бұйырды. Ал қола жүлдені «Барыс» 2013-1 командасы иеленді.Осылайша, Владимир Матюхин мен Игорь Боровиков жаттықтыратын «Астана» командасы 2025-2026 жылғы маусымның жеңімпазы атанды.Айта кетейік, команда ойыншылары Астана қаласы әкімдігінің №10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып саналады.