Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды

Астаналық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласы көкпардан ересектер арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 180-нен астам көкпаршы қатысып, 15 команда құрап, 4 топқа бөлініп сынға түсті. Әр топтан үздік шыққан командалар жартылай финалға жолдама алып, ақтық сында бақтарын сынады.Жеті күнге созылған дүбірлі бәсекеде Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы өз рекордын жаңартып, тағы бір мәрте жеңіске жетіп, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы атанды.

Шымкент қаласының командасы күміс медаль иегері болса, Астана қаласының көкпар командасы Қызылорда облысының көкпаршыларын 3:2 есебімен ұтып, үздік үштіктің қатарынан көрініп, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.Сондай-ақ, чемпионат барысында шебер өнер көрсеткен жекпе-жек аттарының сайысы марапатталып, астаналық «Саян» сәйгүлігі чемпион атанды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасы Көкпар федерациясының ақшалай сыйақысымен марапатталды.Айта кетейік, бұл дүбірлі дода – Қазақстан чемпионатының тарихындағы 24-ші мәрте ұйымдастырылған ел чемпионаты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті