Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық команда халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Астаналық команда халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласындағы «Sana Sport» спорт кешенінде 18 жасқа дейінгі қыздар командалары арасындағы Азия Кубогына Орталық Азия аймағы бойынша іріктеу турнирі – FIBA U18 Women’s Asia Cup CABA Qualification өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ойын барысын Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит арнайы барып тамашалады.Аталған жарыс Азия кубогына іріктеу кезеңі болып саналады. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ұлттық құрамалары қатысты.

Қазақстан құрамасы сапында елорданың «Astana Tigers» клубының 7 ойыншысы өнер көрсетті. Атап айтқанда: Кәусар Ыбрай, Шахида Ерлан, Лиана Дымовских, Арина Богашева, Қарақат Сатжанова, Ксения Гордеева, Юлия Шмакова.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы барлық матчта жеңіске жетіп, 1-орын иеленді. Екінші орын Өзбекстан, ал үшінші орын Қырғызстан құрамасына бұйырды.

Осылайша, турнир жеңімпазы атанған елордалық баскетболшы қыздар құрамасы 2026 жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін FIBA U18 Women’s Asia Cup турниріне жолдама алды.

Турнирдің ең құнды ойыншысы (MVP) болып елордалық Ерлан Шахида (Қазақстан) танылды. 

Сонымен қатар символикалық үздік бестік анықталды.

Ойындарға халықаралық төрешілер (Корея мен Моңғолиядан) шақырылып, техникалық делегат ретінде FIBA өкілі Самсон Арекелян жұмыс істеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді