Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық жас хоккейшілер Канаданың Квебек қаласындағы беделді турнирде күміс жүлдеге ие болды

Астаналық жас хоккейшілер Канаданың Квебек қаласындағы беделді турнирде күміс жүлдеге ие болды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астаналық жас хоккейшілер командасы алғаш рет Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турниріне қатысып, AA-Elites (11–12 жас) санатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

65-ші халықаралық Pee-Wee хоккей турниріне 16 елден 120 үздік команда қатысты. Турнир Канаданың Квебек қаласында өтті.

«Астана қаласында дайындалдық. Біз осы беделді турнир тарихына енгенімізге өте қуаныштымыз. Бұл – біз үшін алғашқы тәжірибе және өз командамызбен мақтанамыз. Ең есте қалған сәт – финалдық ойын, оны 12 мың көрермен тамашалады», – деді команданың бас бапкері Владимир Захаров.

Айта кетейік, бұл турнирге Астана қаласы әкімдігіне қарасты №10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.Канаданың Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирі 1960 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және 12 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты