Астанада Мұхтар Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана жаңғыртудан кейін қайта ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Салтанатты іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы, белгілі қаламгерлер Алдан Смайыл, Сауытбек Әбдрахманов, Әлібек Асқар, Ғалым Жайлыбай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары бастаған зиялы қауым өкілдері, мәдениет және кітапхана саласының қызметкерлері, студенттер қатысты.Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылы елорданың Орталықтандырылған кітапханалар жүйесін жаңғырту жұмысы басталғанын атап өтті.
Ол «Қаламгер ұстаханасы» жобасы аясындағы дәрістерді тек бір жерде емес, қаладағы әртүрлі кітапханаларда өткізу жөнінде ұсыныс айтты.Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары орталықтандырылған жүйеге қарасты кітапханалар бұл талаптарға толық сай келетінін және әр кітапханаға кеңесші ретінде бір-бір қаламгер бекітілсе деген тілегін білдірді.Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алдан Смайыл өз сөзінде қазақ мектептері мен театрын ашуға қосқан үлесі туралы айтты.Студенттер цифрлық дәуірдегі кітапхананың рөлі, жасанды интеллект заманында кітап оқуға қызығушылықты арттыру және оқу мәдениетіне қатысты өзекті мәселелер туралы сұрақтар қойып, жауап алды.