Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында полицей көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндіруге көмектесті

Жетісу облысында полицей көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндіруге көмектесті
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицей көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндіруге көмектесті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзгені құтқарған адамды батыр деуге бола ма? Әрине, иә. Алайда батырлар тек фильм кейіпкерлері емес. Көбіне олар – қарапайым жандар: дәл уақытында қасынан табылып, бейжай қарамай, көмек қолын созып, жауапкершілікті өз мойнына алатын адамдар. Осындай оқиға Панфилов ауданында орын алды. Патрульдік полиция ротасының қызметкері Таңжарық Малікұлы қызмет барысында күдік тудырған көлікті байқайды. Көліктен өткір иіс шыққан.

Бір сәтті де жоғалтпай, полиция қызметкері шұғыл әрекет ету туралы шешім қабылдайды. Ол дереу өрт сөндіргішті алып, көлікке қарай ұмтылады. Табандылығы мен кәсібилігінің арқасында өрттің таралуына жол бермей, дер кезінде сөндіреді. Жағдайдың салдары ауыр болуы мүмкін еді: көлік өртеніп қана қоймай, жарылыс қаупі туындап, айналадағы адамдарға зиян келтіруі ықтимал болатын. Алайда дәл сол сәтте қасында бейжай қалмаған жан болды. Қауіпті болдырмау үшін бар күшін салған нағыз азамат.

— Батыр – марапат күтетін адам емес. Батыр – санаулы секундта шешім қабылдап, әрекет ететін адам. Біздің міндетіміз – әрдайым халықтың жанында болып, қандай жағдай болмасын қорғау, — дейді Таңжарық Малікұлы.

Бұл оқиға шынайы күштің сөзде емес, істе екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Осындай жандар үшін “Сенім, бірлік, абырой” – жай ғана ұран емес, өмірлік ұстаным. Олар погонды абыроймен тағып, халықтың шынайы құрметіне лайық.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады