Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер тұрғынның үйінде шыққан өртті сөндіруге көмектесті

СҚО-да полицейлер тұрғынның үйінде шыққан өртті сөндіруге көмектесті
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер тұрғынның үйінде шыққан өртті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13 желтоқсан күні кешке Тайынша ауданында учаскелік полиция инспекторлары Талғат Бейсенбаев пен Ілияс Балғабай ауылды аралау жұмыстарын жүргізді. Олар барған үйлердің бірінде 54 жастағы ер адам мен оның 3 жасар қызы болған. Әңгіме барысында полицейлердің көз алдында пеш құбырының жанынан үйдің шатыры тұтанып кетті. Полицейлер дереу ауылдық округ әкіміне хабар беріп, өрт сөндіру қызметін шақырды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін қою түтінге қарамастан, үй иесі мен өтіп бара жатқан ауыл тұрғынымен бірге өртті оқшаулау шараларын қабылдады.

Оқиға орнына келген әкім баланы әжесіне жеткізді. Бөлмедегі өрт қызметтік автокөліктегі өрт сөндіргіштің көмегімен сөндірілді. Алайда шатырда тақтайлар жана бастаған еді. Полицейлер шатырға шелекпен су көтеріп, отты сөндіру арқылы өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Соның арқасында ірі материалдық шығынның алдын алды. Өртті толықтай өрт сөндіру жасағы жойды. Тәртіп сақшылары пешпен жылынатын үйлерде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салады. Пештің техникалық жағдайын бақылап, оны дұрыс пайдалану, түтін шығатын мұржаның бітелуіне жол бермеу және сенімді оқшаулауды қамтамасыз ету қажет.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті