Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында патрульдік полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды

Алматы облысында патрульдік полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында полиция қызметкері жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында патрульдік полиция қызметкері батылдық пен сабырлық танытып, жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды. Оқиға 10 мамыр күні Ұзынағаш ауылында болды. Қызметтік аумағын бақылау кезінде патрульдік полиция инспекторы Мирас Тастанды жанармай құю бекетінде тұрған ГАЗель көлігінің отқа оранғанын байқады. Жағдайдың ауыр екенін және жарылыс қауіпін түсінген полицей сол жердегі екі азаматпен бірге отты сөндіруге дереу кіріскен. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде тоқтатылды. Айта кету керек, егер ешкім әрекет етпегенде, жалын жанармай сақталған резервуарларға жетіп, ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін еді.

– Инспектордың батыл шешімі мен азаматтардың жауапкершілігі арқасында қайғылы жағдайдың жолы кесілді. Мұндай оқиғалар полиция қызметкері – жай ғана форма киген адам емес, қоғам қауіпсіздігі үшін әрқашан дайын тұрған тұлға екенін дәлелдейді. Біз қызметкерлерімізбен мақтанамыз және сын сағатта бейжай қалмаған әр азаматқа алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті ведомствода.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді