Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы мен Шанхай орнықты даму бағытындағы серіктестікті күшейтуде

Алматы мен Шанхай орнықты даму бағытындағы серіктестікті күшейтуде
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қытайлық Wontai Group компаниясы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 15 жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы компания төрағасы Нань И «Алматы – Шанхай» бизнес форумында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, компания Орталық Азия нарығына 2018 жылы кірген. Содан бері қазақстандық серіктестермен бірге күн энергетикасы мен энергия сақтау жүйелері бағытында бірнеше жобаны жүзеге асырып, пайдалануға берген.

«Қазір іске қосылған 15 жоба «жасыл» электр қуатын өндіруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл өңірдегі орнықты энергетиканы дамытуға қосылған елеуі үлес», – деді Нань И.

Ол Қазақстанның компания үшін негізгі шетелдік нарықтардың біріне айналғанына тоқталды. Бұған қолайлы инвестициялық ахуал, тұрақты мемлекеттік саясат және энергетика саласының жоғары даму әлеуеті әсер еткен.

Соңғы жылдары елде инвесторлар үшін жағдай айтарлықтай жақсарып, әсіресе энергетика секторында нарықтық механизмдер дамып, реттеу ашық бола түскен.

Сонымен қатар Нань И Алматы мен Шанхай арасындағы іскерлік және көлік байланыстарының нығайып келе жатқанын айтты. Әуе қатынасы кеңейіп, бизнес қауымдастықтар арасындағы өзара әрекет күшейген. Қазақстан жолдарында қытайлық электр көліктері көбейіп келеді.

«Алматы мен Шанхай – өз елдерінің ірі экономикалық орталықтары. Олар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеуетке ие», – деді ол.

Wontai Group басшысы екі тараптың артықшылықтарына да тоқталды: Шанхай қаржы, логистика және жоғары технология саласында алда болса, Қазақстан энергетика мен табиғи ресурстар бойынша мықты.

«Біз бірлескен жобаларды кеңейтуге үлкен мүмкіндік көріп отырмыз және қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз», – деп сөзін қорытындылады Нань И.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады