Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытай компаниясы Алматыда тау-кен саласына арналған ғылыми-зерттеу институтын ашпақ

Қытай компаниясы Алматыда тау-кен саласына арналған ғылыми-зерттеу институтын ашпақ
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда өтіп жатқан «Алматы – Шанхай» бизнес форумы аясында Beijing Fuxing Yihua Technology Co., Ltd. компаниясының инвестициялық жобасы таныстырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бастама аясында қалада тау-кен өнеркәсібіне бағытталған ғылыми-зерттеу институтын ашу жоспарланып отыр.

Жоба минералдық шикізаттың құрамын талдауға, байыту сынақтарын жобалауға және металлургиялық үдерістерді әзірлеуге маманданбақ.

Бейжіңдегі Fuxing Yihua компаниясының вице-президенті, инвестор өкілінің айтуынша Қазақстан тау-кен саласында айтарлықтай әлеуетке ие. Алайда бірқатар бағыттарда ғылыми-технологиялық сараптама тапшылығы сақталып отыр.

«Қазақстан – тау-кен өндірісі қарқынды дамыған ірі елдердің бірі. Минералдық шикізатты талдау, байыту сынақтарын жүргізу және металлургиялық үдерістерді әзірлеу бағыттарында әлі де сұраныс бар. Біз бұл нарықтың мүмкіндігін жоғары бағалаймыз», – деді компания өкілі.

Сондай-ақ, инвестор Алматы әкімдігіне жобаны қолдағаны және оны жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, Алматыда екі қала арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға арналған «Алматы – Шанхай» бизнес форумы өтіп жатыр. Аталған алаң мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және сарапшылардың басын қосып, бірлескен жобалар мен жаңа әріптестік бағыттарын талқылауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады