Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренспен кездесу өткізді. Онда «Нұр жолы»  өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары талқыланды. Ынтымақтастықты, оның ішінде машина жасау саласында кеңейту перспективалары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба шекара маңы инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға және қолданыстағы көлік ағындарына жүктемені азайтуға бағытталған. Салмағы 100 тоннадан асатын ірі габаритті жүктерді өткізуге арналған ұзындығы 3,2 шақырым және ені 12 метр айналма жол салу, сондай-ақ ауданы 81,6 га көліктерге арналған тұрақтар салу жоспарланып отыр. Қосымша автожол көпірін салу, тиісті инфрақұрылымды орнату қарастырылған. Барлық нысан компанияның жеке инвестициялары есебінен салынады, оның жалпы құны шамамен  $50 млн-ды құрайды.

Олжас Бектенов жобаның Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерге сәйкес, еліміздің көлік логистикасын, сауда және транзиттік әлеуетін дамытудағы маңыздылығын баса айтты. Sarens компаниясының тәжірибесі мен құзыреттерін ескере отырып, локализациялау деңгейі жоғары машина жасау саласында одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар айналма жол салу жобасын жүзеге асыруға өзара мүдделілігін жеткізіп, ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады