Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Бала жүрегі – өнер әлемі»: Астанада ерекше балаларға арналған шеберлік сағаты өтті

«Бала жүрегі – өнер әлемі»: Астанада ерекше балаларға арналған шеберлік сағаты өтті
Фото: kazlenta.kz

Астанада «Бала жүрегі – өнер әлемі» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Іс-шара балалар мен олардың ата-аналарына арналып, шығармашылық арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Шеберлік сағаты 1 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамның хабардылығын арттыру, ерекше балаларға қолдау көрсетуге және олардың әлеуметтенуіне жағдай жасау.

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында бүгінгі таңда ерекше білімді қажет ететін 150-ге жуық бала қатысуда. Оның ішінде 30-ға жуық бала аутизм ерекшелігіне байланысты түрлі үйірмелерге қатысып, спорт, шығармашылық және ғылыми-техникалық бағыттарда қосымша білім алып жүр. Мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, балалардың әлеуметтенуіне ықпал етеді, -дейді Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының әдіскері Гүлзира Оспанова.

Шеберлік сағаты барысында балалар киізден (фетрден) түрлі әшекейлер дайындады. Балаларға бұл процесс өте ұнады, олар қызығушылықпен қатысып, бір-бірімен идея алмасып отырды. Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың айтуынша, мұндай жұмыстар олардың ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, өзіне деген сенімділігін арттыруға және шығармашылыққа деген қызығушылығын оятуға ықпал етті.

Мен аутизм диагнозы бар баланың анасымын, ұлым 13 жаста, диагноз 3 жаста қойылған. Содан бері әр түрлі үйірмелерге қатысып жатыр, қазір спортқа басымдық беріп отырмыз. Оның ішінде осы оқушылар сарайында жеңіл атлетикаға қатысып жүр. Бұдан басқа бассейн, велосипед, ролик, шаңғымен айналысуда.  Мұндай шаралар қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, жаңа бағыттарды меңгеруге көмектеседі, - деді ерекше баланың анасы. 

Балам 10 жаста,  оқушылар сарайында спорттық үйірмелерге қатысады. Балаларымыз өзге балалармен қатар үйірмелерге қатысып жатыр, қоғамға бейімделуге көмектесетіні сөзсіз. Осындай шаралардың арқасында балаларымыздың өзіне деген сенімі артып, жаңа ортада еркін араласуға үйреніп келеді. Сонымен қатар, олар жаңа достар тауып, қызығушылықтарын дамытып жатыр, - деді қатысушының анасы. 

Аутизмі бар балалар үшін осындай шеберлік сағаттар өте маңызды әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Мұндай шаралар олардың қоғамға белсенді араласуына мүмкіндік береді, жаңа адамдармен танысып, бірлесіп әрекет жасау арқылы әлеуметтік дағдыларын дамытады. Балалар тек шығармашылықпен айналысып қана қоймай, ортада өздерін еркін сезінуді үйренеді, өзіне деген сенімдері артады. Сонымен қатар, ата-аналар балаларымен бірге қатыса отырып, олардың қабілеттерін бағалап, қолдау көрсетеді. Сондай-ақ балалардың әлеуетін толық ашуға, қоғамға бейімделуге және болашақта өз орнын табуға үлкен септігін тигізеді. 

Жалпы, Астана қаласында инклюзивті білім беруді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру мекемелерінде инклюзивті кабинеттерде логопедтер, дефектологтар, психологтар, бейімделген дене шынықтыру (АФК) мамандары, музыкалық ырғақ нұсқаушылары, сурдопедагог пен тифлопедагогтар жұмыс істейді.


Мамандардың айтуынша, мұндай ортада балалар тек білім алып қана қоймай, болашаққа бейімделеді. Инклюзия кабинеттерінде ерте кәсіптік бағдар беру жобалары да енгізіліп жатыр. Бұл бастамалар балалардың қабілетін ашып, еңбек нарығына дайындалуына мүмкіндік береді.

«Амбулаториялық науқастардың электронды тізілімі» деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 0-17 жас аралығындағы 12 807 бала мен жасөспірім динамикалық бақылауда тұр. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш бес еседен астам өскен. Жалпы, аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар санының артуы қоғам тарапынан ерекше назарды талап етеді.

Мұндай бастамалар инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Қатысушылар үшін бұл күн тек шығармашылықпен шектелмей, өзара түсіністік, қолдау және шабыт алаңына айналмақ.Іс-шара соңында балаларға мектепке арналған сөмкелер табысталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады