Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік саласы қызметкерлеріне тәжірибелік-танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Көлік саласы қызметкерлеріне тәжірибелік-танымдық іс-шара ұйымдастырылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шаһарда көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына арналған бірқатар тәжірибелік-танымдық іс-шаралар өтті. “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – сала қызметкерлерінің еңбегін насихаттау, кәсіпорындар арасында тәжірибе алмасу, серіктестікті нығайту, үздік мамандарды марапаттау, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «NOMAD MOTORS SHYM» ЖШС-да (KIA дилерлік орталығы) өткен іс-шараға “Жол-көлік колледжі” МКҚК-ның әкімшілік өкілдері, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, колледж білім алушылары, талапкерлер қатысты. Қатысушыларға өндірістік процестер мен заманауи құрал-жабдықтар таныстырылып, автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеудің жаңа тәсілдері көрсетілді.

Қалалық білім басқармасының бас маманы Айгүл Рүстемова жұмысшы мамандықтар жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстар, мақсатты білім беру тапсырысы, әлеуметтік серіктестікті дамыту аясындағы жобалардан хабардар етті.

Сондай-ақ, бүгінгі бағдарлама аясында «Автокөлікті бояу процесінде қолданылатын жаңа технологияларға шолу» тақырыбында шеберлік сағаты көпшілік назарына ұсынылады. BASF концернінің Ұлттық эксперті, «COLORFACTORY GROUP» компаниясының техникалық директоры М.И.Романовтың автокөліктерді бояуда қолданылатын заманауи химиялық және технологиялық шешімдермен таныстыруы жоспарланған.

Тәжірибелік-танымдық іс-шаралар кәсіпорын мен білім беру ұйымдары арасындағы әріптестік байланысты нығайтып, білім алушылардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға септігін тигізбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді