Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды

Алматыда Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Республика күніне арналған кең ауқымды мерекелік бағдарлама бастау алды. Қала бойынша флешмобтар, концерттер, спорттық жарыстар, экологиялық акциялар мен патриоттық кездесулер ұйымдастырылуда. Жалпы саны 100-ден астам іс-шара ұлттық бірлікті нығайтуды және азаматтық жауапкершілікті арттыруды мақсат етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық мерекелік іс-шаралар 24 және 25 қазанда өтеді.

24 қазан, бейсенбі күні, Республика сарайында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған мерекелік концерт өтеді. Басталуы — 15:00.

25 қазанда сағат 11:00-де «Медеу» спорт кешенінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік Әнұранды көпшілік қосыла шырқайды. Осы күні Республика сарайы алдындағы алаңда «Атамекен» әнімен ауқымды патриоттық акция өткізу жоспарланған.

Алматы мерекені салтанатты іс-шаралармен ғана емес, мәдени, спорттық және қоғамдық бастамалармен де атап өтеді.

15-25 қазан аралығында қаладағы жоғары оқу орындарында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқу байқауы өтіп жатыр.

Ал 20-26 қазан күндері жастар арасында Plastic-FREE Week экологиялық челленджі ұйымдастырылуда. Оның мақсаты — бір реттік пластиктен бас тарту және экологиялық әдеттерді қалыптастыру.

 Қала тұрғындары үшін мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады:

* Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтетін «Елім менің» концерті,

* Мемлекеттік қуыршақ театрында қойылатын «Алтын адам» спектаклі,

* Достық даңғылы, 44 мекенжайындағы Almaty Gallery залында өтетін Алматы әкімдігі оркестрінің «Алматы әуендері» концерті,

* Құрманғазы атындағы оркестр залындағы мерекелік іс-шара.

Ал ең жарқын бастамалардың бірі — Абай алаңындағы Qazaq Flag Cube акциясы. Оның аясында қатысушылар Рубик кубиктері арқылы Қазақстанның Мемлекеттік Туының бейнесін құрастырады.

Сондай-ақ, Орталық стадионда көлемі 50×20 метр болатын Қазақстанның алып Туын жайып көрсету рәсімі өтеді. Бұл ұлттық бірлік пен мақтаныштың символы.

Апта бойы флешмобтар мен концерттер қаланың барлық сегіз ауданында ұйымдастырылады:

 22 қазан

Әуезов ауданында Б.Момышұлы атындағы колледжде «Республика күні» флешмобы өтеді. Басталуы — 12:00.

Бостандық ауданындағы «Сұңқар» спорт кешенінде «Менің Республикам – Менің Отаным» флешмобы ұйымдастырылады. Басталуы — 11:00.

Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында, 347/4 мекенжайында мерекелік концерт өтеді. Басталуы — 15:00.

Түрксіб ауданында №7 Оқушылар үйінде «Жаса, Қазақстан!» концерті болады. Басталуы — 15:00.

23 қазан

Алмалы ауданында Құрманғазы атындағы оркестр залында мерекелік іс-шара өтеді. Басталуы — 15:00.

24 қазан

Алатау ауданында Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында Республика күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылады. Басталуы — 11:00.

Жетісу ауданында Есім хан көшесі, 127А мекенжайында мерекелік концерт өтеді. Басталуы — 15:00.

Медеу ауданында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Басталуы — 11:00.

Мәдени бағдарламаға қоса, қалада спорттық іс-шаралар да өтіп жатыр.

Тұңғыш Президент саябағында скандинавиялық жүріс бойынша шағын-марафон ұйымдастырылды.

Армия орталық спорт кешенінде Республикалық спорт фестивалі өтіп жатыр, ал ҚФФ және «Динамо» ареналарында Балалар футбол лигасының турнирі жалауын көтерді.

1 қараша күні «Жас Қанат» спорттық-сауықтыру кешенінде өтетін жүзу жарысы мерекенің спорттық бөлігін түйіндейді.

25 және 26 қазанда Жібек жолы көшесінде қолөнершілер мен суретшілердің жәрмеңкесі өтеді. Онда сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылады.

Сондай-ақ, Республика күні - Republic Day мерекесіне орай қаладағы 10 ірі сауда және ойын-сауық орталығында кең ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында: FORUM, Aport Mall East, MEGA Almaty, Moskva Metropolitan, MEGA Park, Mart, Grand Park, Sputnik, Asia Park және «Жаңа Ялян» сауда ойын-сауық кешендері бар.

Аталған алаңдарда мерекелік концерттер, жәрмеңкелер, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары өтеді. Сонымен қатар келушілер үшін арнайы жеңілдіктер мен акциялар ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті