Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Наурызды қарсы алды

Алматы Наурызды қарсы алды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Астана алаңында басты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қала тұрғындарын Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды құттықтап, Наурыздың жаңару, бірлік және ұрпақ сабақтастығының символы екенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл адамдар ежелден бір-біріне ізгілік пен бақ-береке тілейтін ерекше кезең. Мерекелік көңіл күйді қазақстандық артистердің өнері мен ұлттық нақыштағы театрландырылған қойылымдар айшықтай түсті. Алты тақырыптық киіз үй ерекше қызығушылық тудырды. Бірінші киіз үйде Ықылас атындағы музей қорынан ұлттық музыкалық аспаптар қойылды. Екінші киіз үйде инновациялық жобалар — роботтар, дрондар, оқушылардың әзірлемелері және жасанды интеллектке негізделген шешімдер таныстырылды.

«Digital 360 – Welcome to Almaty» киіз үйі панорамалық проекциялар арқылы қала тарихын тың қырынан көрсетті. Төртінші киіз үйде археологиялық реконструкциялар, соның ішінде «Алтын адам» ұсынылды. Бесінші киіз үй этнодизайнға арналса, алтыншы киіз үй XIX–XX ғасырлардағы қазақ тұрмысының дәстүрлі келбетін таныстырды.Мерекелік іс-шаралар 23 наурызға дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы