Астанадағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Көктем симфониясы» атты салтанатты бал өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қалалық Білім басқармасының қолдауымен өткен мерекелік жиын мектепішілік Парламент көшбасшыларының қатысуымен өткізілді. Барлығы елордалық білім беру ұйымдарының 117 көшбасшысы қатысты.«Бұл әсем кеш бірнеше жылдан бері өткізіліп, жақсы дәстүрге айналып келеді. Ол елорданың ең белсенді, бастамашыл, жауапкершілігі жоғары, дарынды оқушылардың басын қосатын алаңға айналды. Кешке қадірлі қонақ ретінде ардақты аналар мен әжелерді шақырып, мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еттік», – деді М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Айымгүл Жабаева.