Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қандай іс-шаралар өтеді

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қандай іс-шаралар өтеді
Фото: pixabay.com

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мәдени, спорттық, әлеуметтік және қайырымдылық бағытындағы ондаған іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік бағдарламалар театрлар мен концерт залдарында, музейлер мен кітапханаларда, спорт кешендерінде, білім беру ұйымдарында және қаланың қоғамдық кеңістіктерінде өтеді.

5 наурыз күні Байқоңыр ауданында «Айнадағы ару» атты интерактивті инсталляциялық іс-шара ұйымдастырылады. Ауданның адам көп жиналатын орындарында орнатылған әшекейлі айналар арқылы әйелдердің сұлулығы мен мерекелік көңіл күйі айшықталады.

Осы күні Қошқарбаев көшесі, 29/1 мекенжайындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Келін ененің топырағынан» атты байқау өтеді.

Сондай-ақ №10 мектеп-гимназиясында Байқоңыр ауданы мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істейтін әйелдер арасында волейболдан турнир ұйымдастырылады.

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ұлттық сән үлгілерінің «Moda FEST» дефилесі өтеді.

6 наурыз күні елордада сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін түрлі концерттер, әдеби-мәдени кештер, шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар және онлайн жобалар ұйымдастырылады.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің спорт кешенінде Алматы ауданының мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істейтін әйелдер арасында волейбол турнирі өтеді.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін «Ананың бейнесі» атты республикалық онлайн сурет байқауы ұйымдастырылады (Балалар көркемсурет мектебі).

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында Сарайшық ауданының зейнеткерлері арасында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тоғызқұмалақтан турнир өтеді.

Байқоңыр ауданында аналарға арналған «Шынайы алғыс – жүректен шыққан сый» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Sintez ізденіс-эксперименттік театрының сахнасында «Арулар асыл жандар» атты поэзиялық кеш өтеді.

Сағат 15:00-де Өнер музейінде «Анаға тағзым – аруға құрмет» атты концерт ұйымдастырылады.

Сағат 19:00-де «Наз» мемлекеттік би театрының сахнасында «Аяулы ана» атты концерт өтеді.

Сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «О чем поют мужчины» атты концерт ұйымдастырылады.

«Сағыныш қоңырауы» атты іс-шара «Мемлекеттік архив» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өтеді.

7 наурыз күні Астанада әйелдерге арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар жоспарланған.

Бұл күні қала аумағында елорда тұрғындарына гүл тарату акциясы ұйымдастырылады.

№108 орта мектепте (Е117 көшесі, 40а) «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің әйел мұғалімдері арасында волейбол турнирі өтеді.

Сондай-ақ Нұра ауданының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасында ұлттық ойындардан (тоғызқұмалақ, бес асық, армрестлинг, ләңгі тебу) жарыстар ұйымдастырылады.

Сағат 19:00-де «Жастар» театрының сахнасында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты театрландырылған концерттік бағдарлама ұсынылады.

Сағат 18:00-де Әзербайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында «Келіндер көтерілісі» спектаклі қойылады.

7 наурыз күні әлеуметтік желілерде «Жанымда жүр жақсы адам…» атты виртуалды көрме жарияланады.

Сол күні әлеуметтік желілерде «От мужчин. С уважением» атты челлендж басталады.

7–8 наурыз күндері Сарайшық ауданы аумағында тұрғындарға қызғалдақ тарату акциясы ұйымдастырылады.

8 наурыз күні Сарайшық ауданында аудан әкімінің қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.

8 наурыз күні онлайн форматта мектеп хор ұжымдарының «Анаға арнау» атты мерекелік челленджі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ 10 наурыз күні Сарыарқа ауданының тұрғындары арасында «Үміт» дағдарыс орталығында «Көңілді старттар» атты жарыстар өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
8 комментариев
  • Izetta
  • 01-06-2026, 01:17
  • : 01:17
References: Global gaming expo https://safajptk795274.blog-kids.com/41975451/casino-of-gold-dein-ultimativer-g
uide
  • Ira
  • 01-06-2026, 02:19
  • : 02:19
References: Monopoly slots https://roadwiki.site/
  • Elaine
  • 01-06-2026, 07:55
  • : 07:55
References: Online casino real money https://diego-maradona.com.az/user/tonsnake33/
  • Jillian
  • 01-06-2026, 07:58
  • : 07:58
References: Oneida casino green bay sashagpze424007.blogdemls.com
  • Tatiana
  • 04-06-2026, 00:09
  • : 00:09
References: Blackjack mountain oklahoma https://may22.ru/
  • Yvonne
  • 04-06-2026, 05:56
  • : 05:56
References: Casinos of winnipeg https://earthwiki.space/wiki/Spielen_Gewinnen_Sie_noch_heute
  • Janeen
  • 04-06-2026, 13:33
  • : 13:33
References: First council casino adrestyt.ru
  • Tessa
  • 04-06-2026, 19:19
  • : 19:19
References: Hard rock casino hollywood florida skyscrapperwiki.site
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді