Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өткен «Бейбітшілік симфониясы» концерті әлем музыканттары мен көрермендерінің басын қосты

Астанада өткен «Бейбітшілік симфониясы» концерті әлем музыканттары мен көрермендерінің басын қосты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің VIII съезі аясында «Бейбітшілік симфониясы» атты концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты концерт Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында съезд қонақтары мен қатысушылары үшін ұсынылды. Іс-шараның басты мақсаты – диалог, өзара түсіністік пен рухани бірлікті дәріптеу. Жиынға белгілі қазақстандық орындаушылар, оркестрлер, хор ұжымдары және шығармашылық топтар қатысты. Сахна төрінде Бағжан Октябрь, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі мен камералық хоры, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ардақ Елеусіз, «Жаңа толқын-2025» халықаралық байқауының жүлдегері Yernazar, халықаралық байқаулардың лауреаттары Такен Ернұр, Елена Михеева, Альбина Оганесян, Татьяна Ким, Тимур Умаров және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама түрлі халықтар мен конфессиялардың әуендерін тоғыстырып, мәдениеттер мен діндер арасындағы байланыстарды нығайтудағы өнердің күшін айшықтады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті