Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Көкшетауда ЖЭО салу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Олжас Бектенов Көкшетауда ЖЭО салу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа қуат көздерін арттыру және өңір инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Көкшетау қаласында салынатын стратегиялық маңызы бар жылу электр орталығы (ЖЭО) жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Аталған нысан Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отырған Семей және Өскемен қалаларындағы стансалармен қатар ЖЭО тізбесіне кіреді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс алаңын аралау кезінде Премьер-министр болашақ энергия нысанының техникалық параметрлері және жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов ЖЭО құрылысына ауданы 227 гектар жер телімі бөлінгенін, сондай-ақ күл-қож қалдықтарын жинайтын алаң үшін қосымша 130 гектар жер қарастырылғанын баяндады. Стансаның жобалық қуаты шамамен 240 МВт, ал жылу қуаты кемінде 520 Гкал/сағ болады. Сонымен қатар қаланың келешектегі өсімі мен өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша су жылыту қазандықтарын орнату арқылы жылу қуатын тағы 300 Гкал/сағатқа дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазіргі уақытта бірқатар бастапқы жұмыс аяқталған. Атап айтқанда, күштік трансформатор орнатылып, уақытша жолдар мен құрылыс штабы салынды.

Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, келесі айдан бастап жоба белсенді құрылыс кезеңіне өтеді. Жабдықтарды жеткізу 2027 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Энергия нысандарының құрылысына шамамен 2,5 мың адам тартылады, ал пайдалануға беру кезеңінде 400-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жоба аясында кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігіне ерекше мән берілген. ЖЭО-да «таза көмір» технологиясы енгізіледі. Түтін газын кешенді тазарту жүйесі төмен эмиссиялы қыздырғыштар, катализаторлар және электр сүзгілерді қамтиды. Сонымен қатар түтін газдарын өңдеу кезінде құрылыс саласында пайдалануға жарамды гипс түзілетін күкірт тазарту реакторы орнатылады. Осылайша, станса ҚР Экологиялық кодексі талаптарына толық сәйкес болады.

Олжас Бектенов Көкшетау ЖЭО-сының құрылысы өңір инфрақұрылымын дамыту және оның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, халықты сапалы әрі үздіксіз жылу-энергиямен қамтамасыз ету үшін ерекше маңызды екенін атап өтті. Тек Көкшетау қаласының өзінде 2035 жылға дейінгі кезеңде жылу энергиясына деген қажеттілік сағатына 840 Гкал-дан асады деп болжанып отыр. Жыл сайын қалада 200-240 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік нысандар – мектептер, ауруханалар, спорт мекемелері ашылуда. 

Стансаның іске қосылуы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, қуат резервін қалыптастыруға және жылу жүйесінің ұзақмерзімді тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Көкшетаудың 195 мыңнан астам тұрғыны, оның ішінде Станционный кентінің халқы жылумен қамтылады. Сонымен қатар 600-ге жуық көппәтерлі тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. ЖЭО құрылысы қаланың дамуына серпін беріп, жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ мәліметінше, жобаны 2029 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған.

Жалпы, ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, соңғы жылдары республика бойынша апатты жағдайда тұрған ЖЭО саны айтарлықтай азайған. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған 37 ЖЭО-ның 19-ы «қызыл» аймақта, 11-і «сары» және 7-уі «жасыл» аймақта болған. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша жағдай жақсарды: 9 станса «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, тағы 3 станса «сарыдан» «жасыл» аймаққа көшті. Нәтижесінде, қазіргі уақытта 17 ЖЭО – «сары» аймақта, 10 – «жасыл» аймақта.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты министрліктерге, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті ұйымдарға барлық қордаланған мәселені жедел түрде шешіп, жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктірмей, кідіріссіз  әрі уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
7 комментариев
  • Jonelle
  • 26-10-2026, 04:47
  • : 04:47
References: Payid pokies deposit rcmx.net
  • Fredric
  • 27-10-2026, 04:09
  • : 04:09
References: Top Australian MiFinity gambling sites http://bbs.lotsmall.cn/home.php?mod=space&uid=744794
  • Elvira
  • 28-10-2026, 21:29
  • : 21:29
References: MiFinity e-wallet casino Australia https://onespotsocial.com/cavequit01
  • Klaus
  • 28-10-2026, 22:37
  • : 22:37
References: Payid pokies real money no deposit pshunv.com
References: Mobile payid pokies australia docs.localcharts.org
  • Yetta
  • 29-10-2026, 22:19
  • : 22:19
References: MiFinity vs MuchBetter casino trusted MiFinity casinos Australia
Dabei funktioniert das Unternehmen wie eine Mischung aus der klassischen Banküberweisung und PayPal. Gebühren fallen bei einer Einzahlung im Horus Casino nicht an und die Mindesteinzahlung beläuft sich auf faire 20 Euro. Es ist seit dem Jahr 2019 auf dem Markt vertreten und kann somit bereits auf einige Jahre zurückblicken – was natürlich auch dafür spricht, dass es sich hierbei um einen vertrauenswürdigen Anbieter handelt. Zu den besten Online Casinos mit Sofortüberweisung per Klarna gehört auch das ExciteWin Casino. Wenn Du ein modernes Online Casino mit Sofortüberweisung per Klarna suchst, kann ich Dir das LegendPlay Casino wirklich sehr empfehlen. Die Sofort GmbH wurde 2005 in Deutschland gegründet und hat sich seitdem als vertrauenswürdiger Zahlungsdienstleister etabliert. References: the-writer.com
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды