Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көлік полицейлері синтетикалық есірткі жеткізу арнасын жойды

Алматыда көлік полицейлері синтетикалық есірткі жеткізу арнасын жойды
Фото: polisia.kz

Алматыда көлік полицейлері синтетикалық есірткі жеткізу арнасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың қыркүйек айында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында синтетикалық есірткінің заңсыз айналымының жолын кесті. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде көлік полицейлері 24 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдіктінің автокөлігін тексеру кезінде пирролидиновалерофенон a-PVP, ск-скорость есірткі заты табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 476 грамды құрады. Алдын ала бағалау бойынша, есірткінің қара нарықтағы құны шамамен 12,5 миллион теңгені құрайды. Осылайша көлік полицейлері синтетикалық есірткінің ірі партиясының одан әрі таратылуына жол бермей, оның жеткізілуінің ішкі арнасын жойды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты айыптау үкімін шығарды.

Сотталушы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынын және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты