Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО полицейлері есірткі тарату арнасын жойды

ШҚО полицейлері есірткі тарату арнасын жойды
Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлері күдіктіден мефедрон тәркіледі. Бұл бір реттік 6 мың дозаны құрайды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен ШҚО-ға синтетикалық есірткі тасымалдайтын ірі арнаның жолын кесті.

Тәртіп сақшылары Өскемен – Алматы автожолында Алматы облысының 26 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Land Cruiser автокөлігін тоқтатқан. Көлік құралын тінту барысында жедел уәкілдер ақ түсті ұнтақ заты бар 4 полимерлі пакетті тапты, сонымен қатар көліктің багажынан ұқсас заты бар тағы 15 орама табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты, жалпы салмағы 1 келі 850 гр, бұл бір реттік 6 мыңнан астам дозаны құрайды. Жауап алу барысында ер адам есірткіні Астана мен Павлодарда таратқанын айтқан.

Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты