Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 16 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды

Астанада 16 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізілуде. 6 қараша күні 6 айдан бастап, 10 ай 29 күнге дейінгі сәбилерді жаппай қосымша вакцинациялау басталды. Оларға желтоқсан айынан бастап, 2-4 жас аралығындағы балалар қосылды. Вакцинаны тіркелген жері бойынша емханаларда тегін алуға болады. Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцинация туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 6 желтоқсан күні барлығы 16 447 адам вакцинацияланды. Жаппай вакцинация қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, деп атап өтті санитарлық дәрігер.

«Біздің бүгінгі басты міндетіміз – қызылшадан болатын өлім мен асқынулардың алдын алу.

Вакцинация инфекция ошақтарында да жүргізіледі, онда 1733 байланысқан адам екпе алды, сондай-ақ қызылшаға қарсы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі адамдар анықталды, бүгінгі күні жыл басынан бері 14 374 адам анықталды, оның ішінде 12 746 (88%) екпе алды», - деп хабарлады Сархат Бейсенова.


Санитарлық дәрігер аурудың алғашқы белгілері байқалған бойда дереу дәрігерлердің көмегіне жүгіну керектігін ескертеді.

Оларға мыналар жатады: температураның 38-40°C дейін көтерілуі; бас ауруы, әлсіздік; тәбеттің төмендеуі; конъюнктивит, ринит, жарыққа қарай алмау; құрғақ, ауыр жөтел; дауыстың қарлығуы; қызылша энантемасы – таңдайдағы жұмсақ және қатты үлкен қызыл дақтар, аурудың шамамен 3-4 күнінен кейін денеге түсетін бөртпе.
«Қызылшаға қарсы вакцинация – қызылшаинфекциясын, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал. Осыған байланысты ата-аналарды өз балаларының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, вакцинаны уақытында алуға, сондай-ақ қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау аясында баланы вакцинациялауға шақырамын», - деді елорданың санитарлық дәрігері.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты