Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада балалар арасында қызылша ауруы тіркеле бастаған

Астанада балалар арасында қызылша ауруы тіркеле бастаған
Фото: elements.envato.com

Астанада балалар арасында қызылша ауруы анықтала бастады. Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім бастығының орынбасары Жанна Пралиеваның айтуынша, ата-анасының қарсылығына байланысты науқас адамдардың барлығына екпе салынбаған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтқа сілтеме жасап.

Пралиеваның айтуынша, екпе салмау жұқпалы ауруға шалдығу және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

"Биыл 2023 жылдың 13 маусымындағы жағдай бойынша, Астанада 34 бала қызылшамен ауырып, олардың ата-аналары жоспарлы (қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы біріктірілген) екпесніен бас тартты. Өкінішке қарай, ата-аналардың екпеден бас тартуы баланың денсаулығына ғана емес, жақындарына да қауіп төндіреді", - деді Жанна Пралиева.

Оның айтуынша, қаладағы екі мектепке дейінгі балалар ұйымында қызылша ауруы тіркелген. Қызылша ауруын жұқтырған бала екпе салдырмаған сегіз балаға жұқтырып, сосын ұйымдасқан ұжымға барған бала да екпе салдырмаған төрт балаға жұқтырған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім басшысының айтуынша, ата-аналарының екпеден бас тартуына байланысты барлық науқастар екпе алмаған, соның салдарынан балалар "қызылшаның типтік түрі" диагнозымен аурухана төсегіне жатқызылған. Ауру ауыр дәрежеде және асқыну қаупі бар.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім басшысы көптеген жылдар бойы Үндістанда шығарылған қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы екпесі (ҚПҚ) жоспарлы екпелер мен індет ошақтарын оқшаулау үшін қолданылғанын еске салды. Бұл екпенің әсері 95-97 пайызға жетеді.

"Астанадағы 58 тұрғын қызылша ауруын жұқтырды. Оның ішінде 48 бала, екпеден уақытша медициналық босатылған 9 бала, 34 немесе 71 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Құрметті ата-аналар, жоспарлы профилактикалық екпелерден бас тартпауларыңызды сұраймыз, өйткені балаларыңыздың денсаулығы өз қолдарыңызда", - деді Жанна Пралиева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты