Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі – екпе алмаған балалар

Астанада қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі – екпе алмаған балалар
Фото: pixabay.com

Астанада қызылша ауруының тіркелуі әлі де жалғасып отыр. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері алғашқы жедел хабарламалар бойынша 622 жағдай тіркелген, оның 403-і зертханалық әдіспен расталған. Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі – уақытылы вакцина алмаған балалар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар айында қызылша диагнозымен 498 бала стационарлық ем қабылдаған. Қазіргі таңда 85 науқас емін жалғастырып жатыр, оның ішінде бір бала анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емделуде.

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында елордада қосымша иммундау және қуып жету вакцинациясы белсенді жүргізілуде. Сонымен қатар 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға жаппай қосымша вакцинация ұйымдастырылып жатыр. Дегенмен, 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы сырқаттанушылықтың негізгі үлесі әлі де вакцина алмағандар арасында тіркеліп отыр. Бұл профилактикалық және иммундау шараларын одан әрі күшейту қажеттігін көрсетеді.

Қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларға (екпе жасына жетпеген, медициналық қарсы көрсетілімі бар немесе ата-анасының бас тартуына байланысты вакцина алмаған) науқаспен байланыста болған сәттен бастап 5 күннен кешіктірмей, қолдану нұсқаулығына сәйкес адам иммуноглобулині бұлшықетке 0,5 мл/кг мөлшерінде, бірақ 15 мл-ден аспайтын көлемде егіледі.

Мамандардың айтуынша, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және қызылшаның ауыр салдарларының алдын алу үшін ең тиімді жол – уақытылы вакцинация.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті