Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 350-ге жуық оқытушы мен қоғам белсенділері Конституция реформаларын талқылады

Астанада 350-ге жуық оқытушы мен қоғам белсенділері Конституция реформаларын талқылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының қалалық штабы «Тұран-Астана» университетінің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара қоғамдық диалог алаңының Давос форматында ұйымдастырылып, еркін пікір алмасуға, ашық сұхбатқа және нақты ұсыныстарға негізделген талқылау алаңына айналды. Кездесуге 350-ге жуық оқытушы-профессорлар құрамы, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында Конституциялық бастамалардың стратегиялық бағыттары, қоғамдағы өзекті әлеуметтік-саяси мәселелер және оларды шешудің институционалдық тетіктері кеңінен талқыланды. Бұл алаң азаматтық қоғам, академиялық орта және саяси институттар арасындағы өзара сенімге негізделген, нәтижеге бағытталған диалогтың нақты үлгісін көрсетті.

Диалог барысында бірқатар маңызды бағыт айқындалды. Атап айтқанда, Конституциялық реформалардың маңызын, қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін және халықтың қатысуымен қалыптасатын басқару моделінің өзектілігі айтылды.

«Интеллектуалдық меншікті қорғаудың заңнамалық деңгейде нақты бекітілді. Яғни елдің инновациялық дамуы үшін стратегиялық маңызды қадам болмақ. Бұл шешім идея авторларының, стартап жобалардың және креативті сала өкілдерінің еңбегін қорғап қана қоймай, жаңа бастамалардың еркін дамуына институционалдық негіз қалыптастырады», – деді Ерлан Каналимов.

Сондай-ақ интеллектуалдық меншікті қорғаудың заңнамалық деңгейде бекітілуіне қоса, отбасы институтын нығайтуға бағытталған құндылық нормалары қоғамдық талқылаудың өзегіне айналды.

«Некенің ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы ретінде заң жүзінде бекітілуі – дәстүрлі құндылықтарды қорғаудың және отбасы институтын нығайтудың маңызды құқықтық негізі. Бұл норма әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етіп, отбасындағы теңдік пен жауапкершілік қағидаттарын күшейтеді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

Кездесу соңында тараптар форматтағы диалог алаңдарының маңыздылығы жоғары екенін атап өтіп, қоғамның түрлі топтарын біріктіретін тұрақты коммуникациялық платформаларды дамыту қажеттігін жеткізді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті