Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана қалалық штаб қызметі аясында өтетін іс-шараларға 700 мың адам қатысады

Астана қалалық штаб қызметі аясында өтетін іс-шараларға 700 мың адам қатысады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Бүгін елордада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабының ресми түрде ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға еліміздің жетекші қоғамдық-саяси қауымдастық өкілдері қатысты. Осылайша, азаматтық қоғамды стратегиялық Конституциялық бастамалар төңірегінде шоғырландырудың маңызды кезеңі бастау алды. Қалалық коалицияға әртүрлі жастағы түрлі саланың 200-ге жуық өкілі қосылды. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, заңгерлер, депутаттар, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, белсенді жастар, педагогтар, сонымен қатар «AMANAT», Қазақстан халық партиясы, «Respublica», «Ауыл», «Ақ жол», партияларының жетекшілері мен өкілдері бар. Бұл ұрпақтар сабақтастығын және бастаманың қоғамдық кең ауқымдылығын көрсетеді.

Қалалық штаб төрағасы Ерлан Каналимов коалиция қызметінің стратегиялық маңыздылығын және конституциялық бастамаларды түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстың қажеттігін атап өтті.

«Жаңа Конституция – халықтық ортақ мақсатта ұлттық рухты нығайтуға ықпал ететін еліміздегі ең маңызды құжат. Ол елдік сананы бекемдеп, болашаққа бағыт сілтейді. Оның өзегінде адам қадірі мен құқығын бәрінен биік қоятын асыл ұстаным жатыр. Жалпыұлттық Коалициясының Астана қалалық штабына әр буынның түрлі саладағы 200-ге жуық өкілі қосылып отыр»,– деді Ерлан Каналимов.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жаңа Конституцияның өзегі адам мен оның құқығы екенін жеткізді. Құжатта қоғамды біріктіретін құндылықтар бекітілген: бірлік, ынтымақ, этносаралық келісім, егемендік, мемлекеттік территорияның біртұтастығы. Конституция Әділетті Қазақстанды, Заң мен тәртіп қағидатын, сонымен қатар болашақ ұрпақ алдында табиғат пен ұлттық құндылықты сақтау жауапкершілігін белгілейді.

«Конституциялық реформа – қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және әділеттілік қағидаттарын нығайтуға сұранысына берілген жауап. Өзгерістер бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында жариялап, заманауи орнықты және бәсекеге қабілетті жасанды интеллект дәуірінің сын-қатерлеріне дайын Қазақстанды қалыптастыруға бағытталды»,– деді Есет Байкен.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өз сөзінде жаңа Конституцияның ұлттық рухты нығайтып, елді біріктіретін ең маңызды құжат екенін атап өтті.

«Бүгін маңызды әрі ауқымды жұмыс бастау алып жатыр. Жаңа Конституцияның басым бағыттары туралы бәріңіз хабардарсыздар. Енді осы оң өзгеріске бастайтын маңызды жобаны жұртшылыққа түсіндіру, дұрыс ақпарат жеткізу – үлкен міндетіміз», – деді Табиғат Зейнұлқабден.

Штаб қызметі аясында 1000-ға жуық іс-шара өткізіліп, оған 700 мың адам қатысады деп жоспарланған. Соның ішінде орталық деңгейде – 100-ге жуық іс-шара (6 мың адам), қалалық деңгейде – 700 іс-шара (660 мың адам), аудандық деңгейде шамамен 400 іс-шара (35 мың адам). Сонымен қатар 790 бақылаушы 430 сайлау учаскесін (оның ішінде 35 жабық учаскені) қамтамасыз етеді. Үгіт-насихат жұмыстары бойынша баспа өнімдерін тарату үшін 150 ерікті тартылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті