Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, конституциялық өзгерістер – елдегі жүйелі саяси жаңғырудың жалғасы. Оның айтуынша, реформалардың негізгі мақсаты – әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, өкілді институттардың рөлін күшейту және билік тармақтарының өзара іс-қимылының неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыру. Президент ұсынылған өзгерістердің мәнін ашық түрде қоғам талқысына шығарып, халықты кеңінен ақпараттандыру маңызды екенін де атап өткен еді.Іс-шара қоғамдық мәдени акция форматында өтіп, оған елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды. Сахнада белгілі қазақстандық орындаушылар – Raim, Дастан Оразбеков, Bayansulu, Nazzarbeck, Ақтоты Болшова және өзге де әртістер өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің тақырып аясындағы баяндамаларымен жалғасын тапты. Жарқынбек Амантай, Мақсат Толықбай, Айкерім Есенәлі, Ақерке Искандерова Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы референдум туралы азаматтарды хабардар етті. Сондай-ақ олар саналы таңдау жасау мен белсенді азаматтық ұстанымның маңызын атап өтті.

Өз сөзінде Жарқынбек Амантай конституциялық өзгерістер елдің саяси дамуының жаңа кезеңін және бүгінгі реформалар арқылы жүзеге асып отырған жаңғырудың тарихи әлеуетін айқындайтынын атап өтті.

«Ата заңымыз заман талабын сай және жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып әзірленді. Бұл еліміздің дамуына және мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық референдумға қатысу арқылы өз азаматтық ұстанымын білдіріп, әділетті, ашық әрі заманауи мемлекеттің дамуына үлес қосуға тиіс», – деді ол.

Ал Мақсат Толықбай Жаңа Конституция жобасы ел дамуының заманауи басымдықтарын айқындайтынын және Егемендік пен азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетінін атап өтті.

«Құжатта білім, ғылым, инновация мемлекеттің басты стратегиялық бағыты, негізгі құндылығы ретінде айқындалды. Қолданыстағы Конституцияда халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі екені жазылса, ал жаңа құжатта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендіктің иесі екені бекітілді», – деді Мақсат Толықбай.

Акерке Искандерованың айтуынша, Жаңа Конституция жобасы азаматтардың қатысу аясын кеңейтіп, жастардың қоғамдық процестерге белсенді араласуына жағдай жасайды.

«Ұсынылып отырған өзгерістердің түпкі мәні – тәуелсіздігімізді нығайту, қорғау және жаңа буынға қуатты мемлекетті аманат ету. Алдағы референдум – бұл жай ғана дауыс беру емес, әрқайсымыздың ел тағдырына қосатын үлесіміз. «Менің пікірім маңызды» деп айту мүмкіндігі. Болашақ өз қолымызда», – деді ол.

Сонымен қатар Айкерім Есенәлі елдің құқықтық негізін қазіргі заман талабына сай жаңғырту қажет екенін атап өтті.

«Еліміздің дамуына жаңа қағидалар мен заманауи заңнамалық шешімдер болуға тиіс. Балаларымыздың, жастарымыздың болашағы жарқын әрі сенімді болуы үшін бізге Жаңа Конституция қажет», – деді Айкерім Есенәлі.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, Жалпыұлттық түсіндіру науқаны аясындағы алғашқы ауқымды қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жетекші саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін біріктірген коалиция құрылғаны туралы хабарланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті