Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда полиция ірі көлемдегі ұрлықтың бетін ашты

Қарағандыда полиция ірі көлемдегі ұрлықтың бетін ашты
Фото: polisia.kz

Қарағандыда полиция қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімінің жауынгерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктінің туған жерінде осыған ұқсас ұрлық қылмысын жасағаны анықталған. Белгілі болғандай, күдікті Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің терезесін бұзып, заңсыз кіріп, ішінде ақша мен алтын бұйымдар сақталған сейфті алып кеткен. Жаңа жылдық мерекелік демалыстан кейін үйлеріне оралған қарағандылық отбасы бұл қылмысты анықтаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрады.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, күдікті өз кінәсін мойындап, қылмысқа қатысты айғақ заттар табылған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер ұсталған азаматтың қала аумағындағы жүріп-тұру бағытын зерттеп, оның бұрын тіркелген, ашылмай қалған өзге де ұрлық қылмысына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті