Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда полицейлер бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді

Қарағандыда полицейлер бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда полицейлер бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қарағандыда Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімшесіне 44 жастағы жергілікті тұрғын гаражынан велосипед ұрланғаны жөнінде арызданды. Белгісіз адамдар гараждың есігін бұзып кіріп, жәбірленушіге тиесілі мүлікті алып кеткен. Залал сомасы 57 мың теңгені құрады. Сол күні тәртіп сақшыларына осы ауданнан тағы бір ұқсас хабарлама түскен. 71 жастағы әйел көрші көшеден гаражының бұзылғанын, белгісіз біреулер көлігін айдап әкеткенін және үйінен алтын әшекейлердің жоғалғанын хабарлаған. Полицияның жедел іс-қимылының арқасында ұрланған автокөлік қылмыс орнына жақын маңнан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген жалпы залал мөлшері 500 мың теңге шамасында. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 31 жастағы Қарағанды тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктіден қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті