Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицейлер жаңа жыл түні жасалған ұрлықтың бетін ашты

Алматыда полицейлер жаңа жыл түні жасалған ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда жаңа жыл түні жасалған пәтер ұрлығы әшкереленді. Қаланың Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйге заңсыз кірген. Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қолды еткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш азаматтың жеке бастары анықталып, барлығы ұсталды. Арнайы операцияны қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Әуезов аудандық полиция басқармасымен және полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізді.

 Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр. 

— Күдіктілер мерекелік түні пәтер иелері үйде болмайды, ал адамдардың назары мейрамға ауған болады деп үміттенген. Алайда олардың заңсыз әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Үш күдікті де ұсталып, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің өзге де эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасуда, — деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті