Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты шаралар қабылданып, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Атап айтқанда, Президенттің бастамасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын арттыру, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында елеулі іргелі реформалар мен заңдар қабылданып, жүзеге асырылуда.
2025 жылғы статистика мәліметтері бойынша елімізде 7 миллионға жуық бала (6 902 492 адам) бар, бұл жалпы халықтың 34%-ын құрайды. Соңғы 10 жылда тұрақты демографиялық даму негізінде балалар саны 1,5 миллионға артты, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ Президенттің бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық балалардың шоттарына түседі. Түскен қаражат оқу ақысын төлеуге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмысы аясында 120-ға жуық әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Елімізде орта білім тегін екені белгілі. Бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. 1-11 сынып оқушылары тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Бұдан басқа, көмектің 49 түрін қамтитын әлеуметтік қолдау жүйесі жүзеге асырылуда. Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы 25 миллиард теңгеге көмек көрсетілді.Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған 10 негізгі заң қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
5 комментариев
  • Wendi
  • 01-06-2026, 02:23
  • : 02:23
References: Slot machine games for android lorikcsj070334.full-design.com
  • Zita
  • 01-06-2026, 02:37
  • : 02:37
References: Mooses bbs.pku.edu.cn
  • Kieran
  • 01-06-2026, 05:08
  • : 05:08
References: Real money pokies doodleordie.com
  • Deb
  • 01-06-2026, 07:20
  • : 07:20
References: Wizard of oz slots may22.ru
  • Danelle
  • 01-06-2026, 07:56
  • : 07:56
References: Santa barbara casino https://janethwk096559.izrablog.com
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды