Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында балалар қауіпсіздігіне арналған кешенді бағдарлама енгізіледі

Жамбыл облысында балалар қауіпсіздігіне арналған кешенді бағдарлама енгізіледі
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Күні кеше ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Жамбыл облысында болған соңғы оқиғаларға байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңеске облыс әкімінің орынбасары, білім басқармасы, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Полиция департаменті, Балаларды психологиялық қолдау орталығы, өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ «Өркен» балаларлың әл-ауқаты арттыру институтының өкілдері қатысты.

Жергілікті атқарушы органдар өңірдегі ахуал туралы баяндады. Оқу жылы басталғалы облыста кәмелетке толмағандарға қатысты бірқатар қайғылы жағдайлар тіркелген. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы  атап өткендей, өңірде мектеп ішінде де, мектептен тыс ортада да алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілмейді. Әсіресе психологиялық-педагогикалық қолдау жеткіліксіз, әлеуметтік қолдау шаралары әлсіз, әлеуметтік педагогтердің жұмысы да жеткілікті деңгейде іске асырылмай отыр.Осыған байланысты, министрдің тапсырмасымен 29 қыркүйектен бастап өңірге Республикалық ведомствоаралық мониторингтік топ жіберіледі. Оның нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және азайтуға бағытталған нақты іс-шаралары бар жергілікті Жол картасы әзірленеді. Сондай-ақ балалардың психологиялық қауіпсіздігі мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілетін болады.
«Біздің басты міндетіміз – мұндай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеу және әрбір балаға барынша қолдау көрсету. Балалардың қауіпсіздігі үшін мемлекет, мектеп, ата-ана және барлық жауапты құрылымдар күш біріктіруі қажет. Бұл бағыттағы алдын алу шаралары нәтижелі болуы үшін барша мүдделі тараптардың белсенді қатысуы маңызды. Оқу-ағарту министрлігі Жамбыл облысына барлық қажетті көмекті көрсетеді. Дегенмен, қабылданған шараларды жүзеге асыру – әрбір жергілікті басшының жеке жауапкершілігі», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Кеңес қорытындысы бойынша министр өңірде Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын жедел ашуды, педагог-психологтардың санын көбейтіп, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді, Психологиялық қолдау орталығының және қамқоршылық органдарының қызметін күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ «Өркен» институты мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына өңір педагогтерінің кәсіби деңгейін көтеру үшін оқу ұйымдастыру міндеттелді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті