Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмаларын орындау: жаңа теміржол желілерінің құрылысы осы жылы аяқталады

Президент тапсырмаларын орындау: жаңа теміржол желілерінің құрылысы осы жылы аяқталады
Фото: primeminister.kz

Биыл жаңа теміржол желілерінің құрылысы аяқталады, ал Қызылорда – Жезқазған автожолындағы қозғалыс 2026 жылдың соңына дейін ашылады. Ұлттық құрылтайда берілген Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, биыл Қызылжар – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал желілері салынады, сондай-ақ Алтынкөл – Жетіген және Жезқазған – Сексеуіл учаскелерін жаңғырту аяқталады. Вокзалдарды реконструкциялау жұмыстары да жалғасады. Автожолдар саласында 2026 жылдың соңына дейін Қызылорда – Жезқазған учаскесінде қозғалысты ашу жоспарлануда.

Биыл Қызылорда – Ақтөбе төрт жолақты магистралінің құрылысы басталады. Екінші жартыжылдықта Қарағанды – Жезқазған жобалары мен Сарыағашты айналып өту жолының жұмыстары басталады. Авиация саласы бойынша Венаға, Токиоға, Римге, Нью-Йоркке және тағы басқа бағыттар бойынша рейстер ашылады деп жоспарлануда. Жүк авиатасымалдаушыларды тарту үшін Fedex, UPS, Cargolux сияқты ірі шетелдік авиакомпаниялармен жұмыс жүргізілуде.

Жалпы бұл салада көрсеткіштер оң динамикасын көрсетіп отыр: авиа жүк өндеуі өсуде. Өткен жылы жүк өндеу 173 мың тоннаға жетті, осы аймақтағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл бағытта жұмысты күшейтеміз, — деді министр.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті