Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында ауыз су мәселесін шешу бағытында 10 жоба іске асып жатыр

Маңғыстау облысында ауыз су мәселесін шешу бағытында 10 жоба іске асып жатыр
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында ауыз сумен қамту әлі де өзекті. Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін жалпы су тұщыту қуаты қуаты 140,5 мың текше метрді құрайтын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде:Қаражанбас кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұщыту зауыты іске қосылды. Нәтижесінде «Астрахан - Маңғыстау» су құбырынан босаған 15 мың текше метр ауыз су Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Жетібай ауылдары тұрғындарының игілігіне пайдаланылуда.

«Каспий» су тұщыту зауытының қуатын 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-ші кезеңі бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл жыл аяғына дейін бұл жұмыстарды толықтай аяқтау көзделіп отыр.

Ақтау қаласында жеке инвестор есебінен қуаттылығы тәулігіне 7 000 текше метр су тұщыту зауытын салу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 5 мың текше метр ауыз су беріп отыр.Сайын Шапағатов ауылында жеке инвестор тарапынан қуаттылығы тәулінгіне 6500 текше метр су тұщыту қондырғысы орнатылды. Бүгінгі күні қондырғы 4000 текше метр ауыз су өндіріп, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарын ауыз сумен қастамасыз етіп отыр.

Қондырғының қуаты алдағы уақытта арттырылатын болады.

«Биыл Форт-Шевченко қаласында тәулігіне 5 мың текше метр, «МАЭК» аумағында 24 мың текше метр және Кендірлі аймағында 50 мың текше метр су тұщыту қондырғыларын салу жұмыстары басталды. Зауыт құрылысы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда және аталған жобаларды 2025 жылға дейін аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз»,- деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Су ресурстарының баламалы көздерінің бірі – Ақтау қаласынан 43 шақырымда орналасқан «Құйылыс» кен орны. Бүгінде құбыр толығымен ескірген. Сондықтан осы кен орнының суын игеру үшін «Каспий» су тұщыту зауытына дейін су құбыры жаңартылуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының жіті бақылауында тұр.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді