Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер жалған мемлекеттік нөмір таққан шетел азаматтарын ұстады

СҚО-да полицейлер жалған мемлекеттік нөмір таққан шетел азаматтарын ұстады
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер жалған мемлекеттік нөмір таққан шетел азаматтарын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында үш күн бойы полиция қызметкерлері "Жалған нөмір" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында өңір жолдарында мемлекеттік тіркеу нөмірі оқылмайтын 105 автокөлік, сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген нөмірі бар 28 автокөлік анықталды. Аталған құқық бұзушылықтардың бірі Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғынына қатысты тіркелді. Ол айналма жолда квадроциклді басқару кезінде тоқтатылған. Көлік құралы тіркеуде болмаған. Заңнамаға сәйкес, бұл үшін жауапкершілік көзделген.

Төрт жүргізуші көрінеу жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқарғаны үшін 5 тәулікке қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Олардың екеуі — Ресей Федерациясының Түмен облысының тұрғындары. Олар Жезқазған — Петропавл автожолында тоқтатылған. 27 жастағысы Land Rover автокөлігін, ал 33 жастағысы Mercedes Benz көлігін басқарған. Сонымен қатар үш күн ішінде 155 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін, 202 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Петропавлдың өзінде мұндай құқық бұзушылықтардың 37-сі телефон қолдануға, 46-сы қауіпсіздік белдігіне қатысты тіркелді, қалғандары республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда анықталды.

Бұдан бөлек, 6 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталды. Жалған мемлекеттік нөмірлерді анықтау "Қорғау" зияткерлік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылы полицияның бейнебақылау жүйелері 15 500-ден астам автокөлікті анықтауға мүмкіндік берді. Олардың ішінде шамамен 12 мың борышкер, көлік басқару құқығынан айырылған 9 жүргізуші және жалған нөмірі бар 4 автокөлік бар. Әкімшілік полиция қызметкерлері "Жалған нөмір" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында да бірқатар құқықбұзушылықтарды анықтады. Полицейлер автокөлік жоғары қауіптің көзі екенін еске салады. Ол жол қозғалысы ережелерін сақтауды ғана емес, көлікті заңды түрде тіркеуге де жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Полицияның жолдардағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмысы жүргізушілердің тәртібін нығайтуға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті