Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында патрульдік полиция батальоны автожолдарда күшейтілген бақылау жүргізуде

Қарағанды облысында патрульдік полиция батальоны автожолдарда күшейтілген бақылау жүргізуде
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда күшейтілген бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауа райының күрт өзгеруіне, қалың қар жауып, желдің күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар Қарағанды - Астана бағытындағы тасжол уақытша жабылды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол бойындағы ахуалды қадағалап, жолда қалған автокөліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз мониторинг жүргізуде. Қар құрсауында қалған учаскелер туралы жедел ақпарат "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мамандарына жолдануда.

— Қазіргі уақытта полиция жасақтары жолдардың жай-күйін тексеріп жатыр. Ауа райы қолайлы болған жағдайда жол қозғалысын қайта ашу немесе көліктерді ілеспе алып жүру жұмыстары жоспарлануда. Ол үшін трасса толықтай тазартылуы тиіс. Осыған байланысты экипаждар қар басқан аумақтарды анықтап, тиісті мекемелерге жедел түрде хабарлауда, — деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов. 

Қазіргі уақытта жолдың жабылуына байланысты Қарағанды - Астана бағытындағы тасжолдың Теміртау қаласынан шығар тұсында шамамен 450 автокөлік жиналып тұр. Жағдай полицияның тұрақты бақылауында.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді