Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында полиция күшейтілген режимге көшті

Қостанай облысында полиция күшейтілген режимге көшті
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция күшейтілген режимге көшті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында қалың қар жауып, жол жағдайы нашарлап, қалааралық тас жолдарда қозғалыс қиындады. Қолайсыз ауа райы жағдайында полиция, жол қызметтері және ТЖД құтқарушылары өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қостанай облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзаковтың айтуынша, тәулігіне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қарқынды түрде күш жұмылдырылды. Әрбір экипаж ауа райының қолайсыз жағдайында қалған жүргізушілерге көмек көрсетуге толықтай дайын. Патрульдік автокөліктерде тростар, паяль шамдары, пима етіктер мен күректер бар.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 4 автомобиль жолында қозғалыс шектелді. Ең көп қозғалыс байқалатын учаскелерге ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында полиция қызметкерлері Қостанай қаласынан Әулиекөл бағытына қарай 50 автокөліктен тұратын колоннаны қауіпсіз сүйемелдеуді жүзеге асырды. Жолда қолайсыз ауа райына тап болған азаматтар үшін облыстың әр ауданында жылыту пункттері ұйымдастырылған. Онда боран басылғанша аялдап, жылынуға және ауа райы жақсарғаннан кейін жолды жалғастыруға болады. Егер қолайсыз ауа райының салдарынан қиын жағдайға тап болғанда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет. Бұл нөмір ұялы байланыс желісі қамтылмаған аумақтарда да жұмыс істейді. Полиция егер жолға шығуды кейінге қалдыру мүмкін болмаған жағдайда, өзіңізбен бірге жылы киім, ауыз су алып, жанармай қорының жеткілікті болуын алдын ала қамтамасыз етуді еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті