Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қолайсыз ауа райы: елордада полиция күшейтілген қызмет тәртібіне көшті

Қолайсыз ауа райы: елордада полиция күшейтілген қызмет тәртібіне көшті
Фото: smi24.kz

Астанада тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығына қарамастан қызметін атқаруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада боран, көктайғақ және қатты жел секілді қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті күшейтілген қызмет тәртібіне көшті. Қиындықтарға қарамастан, тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын тоқтаусыз жүргізуде. Қала аумағында патрульдік жасақтар саны арттырылып, жол-патрульдік полиция жасақтары тәулік бойы күшейтілген бақылау ұйымдастыруда. Полицейлер көктайғақ жолдарда қозғалысты реттеп, қатты жел салдарынан қозғалысы қиындаған көлік құралдарына көмек көрсетуде.

Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар маңында да құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Сондай-ақ төтенше жағдайда қалып қойған азаматтарға да көмек көрсетіп жатыр. Қарлы боран кезінде жолда қалған жүргізушілер, бағытынан жаңылған жаяу жүргіншілер мен жедел көмекке мұқтаж адамдарға дер кезінде жәрдем берілуде. Сонымен қатар полиция департаменті қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтермен тығыз өзара іс-қимыл жасап, жолдардың тазалануы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын үйлестіруде. Полиция тұрғындарды ауа райының өзгерістеріне мұқият болуға, дауылдық ескертулерді орындауға, мүмкіндігінше жеке көлікпен жолға шықпауға және тәртіп сақшыларының нұсқауларын қатаң сақтауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады