Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

JOLTAP: астаналық 19 жастағы бойжеткен дәнекерлеуші мамандығын меңгеріп жүр

JOLTAP: астаналық 19 жастағы бойжеткен дәнекерлеуші мамандығын меңгеріп жүр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Дәнекерлеу ісі ер адамдарға тән мамандық деген пікір қалыптасқан. Алайда елордалық Карина Баянтауова бұл пікірді түбегейлі өзгерткен арулардың қатарынан. 19 жастағы Астана тұрғыны қазір JOLTAP жобасы аясында электргазбен дәнекерлеуші курсында оқып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Карина электргазбен дәнекерлеуші курсы туралы алғаш естігенде, бастапқыда басым көпшілік тәрізді «Қолымнан келе ме? Бұл «ерлерге арналған» мамандық қой…» деп күмәнданғанын жасырмайды. Алайда жоба білім алуға дайын, тәжірибеден өтуден қорықпайтын әрбір адам үшін бұл мамандықтың қолжетімді екенін көрсетіп берді.

«Жобаға келіп, дәнекерлеуші мамандығын таңдап, кәсіби түрде үйренуге ден қойдым. Бұл менің еңбек жолымдағы алғашқы мамандығым болмақ. Басында қорқыныш болғанмен, оны ерекше мамандықты игеруге деген қызығушылығым мен ынтам жеңіп кетті. Біз әуелі бәрін теория жүзінде егжей-тегжейлі түсініп алдық. Қазір оқып-білгенімізді YDA зауытында белсенді түрде іс-тәжірибеде қолданудамыз. Әуелі қауіпсіздік техникасын меңгеріп, дәнекерлеу түрлерін үйрендік. Енді жабдықтарды баптауды және алғашқы ұқыпты тігістер жасауды игеріп жатырмыз. Барлық ақпарат қолжетімді, бір нәрсені түсінбей қалып жатсақ, оқытушыларымыз бірден айтып, жөн сілтеп жібереді. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар да жеткілікті», – дейді ол.

Зауыттағы әр сабақтан кейін, жоба қатысушысының кәсіби дағдысы ғана емес, өзіне деген сенімі де артып келеді. Карина курсты тәмамдағаннан соң, өзінің алдына зор мақсаттар қойып отыр.

«Қазіргі таңда дәнекерлеушілер сұранысқа ие әрі жұмысына жақсы жалақы төленеді. Сондықтан мен өзіме қажетті тәжірибені осы жерден жинақтап, ІІІ разрядты электргазбен дәнекерлеуші құжатын алып, осы зауытқа немесе басқа ұсынылған зауыттарға жұмысқа орналасуды мақсат тұтып отырмын. JOLTAP бұл бағытта мен үшін кәсіби жолдағы нақты көмек, сенімді «стартап» болып отыр», - дейді жоба қатысушысы.

Айта кетейік, JOLTAP – елордадағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың кәсіби дағдылары мен табысын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба. Жоба аясында жұмысқа орналасу, қысқамерзімді кәсіби және цифрлық дағдылар бойынша оқу курстары өткізіледі.

JOLTAP жобасына қатысу үшін қаладағы халықтың көп шоғырланатын жерлерінде орналасқан модульдік пункттерде тегін оқуға жазылуға болады. Жоба аясындағы қысқамерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті