Қазақстанда мемлекеттік шекарада санитарлық-карантиндік бақылау тәулік бойы жүргізіледі. Оның мақсаты – адам денсаулығына қауіпті инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың елге енуіне жол бермеу, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 26 өткізу пунктінде жүргізіледі. Оларға халықаралық әуежайлар, теміржол өткелдері, теңіз порттары және "Хоргос" пункті кіреді. Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 14 автокөлік өткізу пунктінде бақылауды қамтамасыз етеді.
2025 жылы санитарлық-карантиндік бақылау аясында 6,6 млн-нан астам адам және 48,7 мың көлік құралы тексерілген. 84 жолаушыда жоғары температура анықталса, аса қауіпті инфекцияларға күдік тіркелмеген. 26 адам медициналық көрсеткіштер бойынша стационарға жатқызылған.
"2025 жылдың басынан бері Қазақстанда аса қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінген жағдайлары тіркелмеді"— Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіСонымен қатар, дайындықты арттыру мақсатында Алматы әуежайында ведомствоаралық оқу-жаттығулар және көлік нысандарында 38 оқу іс-шарасы өткізілген.
"Туристік компаниялар мен халық арасында алдын алу және ақпараттық жұмыстар жалғасуда".
Сәл бұрын ҚТЖ Министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандықтарға үндеу жасады. Мерекелік күндері, яғни 2025 жылғы 30 желтоқсаннан 2026 жылғы 4 қаңтарға дейін, ел аумағында ауа райы тұрақсыз болатыны, кейбір аймақтарда қар, боран, тұман, көктайғақ және температураның күрт өзгеруі күтілетіні хабарланған. Бұл әсіресе республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.